«Караван» клубы топ жарды!

2022 жылдың 20-23 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында «Туризм» мамандығы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиадада Халықаралық туризм және меймандостық университетінің атынан «Караван» клубы қатысты.

Туризм мамандығының 2 -курс студенттері Жұмашев Нұрдәулет,Еркинжанов Абдуазим, Жамбыл Бектөре, Пернебай Маржан және Мансұр Шұғыла өз білімдерін түрлі этаптарда көрсетті. 1 этапта Түркістан облысының туристік нысандарын таныстырып, облыстағы туризм саласына салынған инвестиция көлемі мен туризмді дамыту бағыттарын жоғары деңгейде түсіндіріп өтті. Жарыстың екінші күні жеке қатысу бойынша өткен жарыста Жұмашев Нұрдаулет белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасындағы «Туристік бағдарлау» бағыты бойынша жеке орындауда өте жақсы өнер көрсетіп 2-ші орынды иемденді. Жарыстың 3-ші күні командалық жарыста университетіміздің студенттері жарға өрмелеуде жақсы өнер көрсетті. 4-ші күні марапаттау рәсімінде пәндік олимпиадада белсене қатысқаны үшін «Караван» клубына сертификат пен ректорымыздың атына Алғыс хат табыс етілді. Студенттерімізді құттықтаймыз.