Туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру

Туризм – жаһандық экономиканың қозғаушы күштерінің басты бөлігі. Түркі әлемінің алтын ордасы – Түркістанды туристік аймаққа айналдырғандағы басты мақсат та осы еді. Саяхатшылардың легін мейлінше көбейту арқылы, шаһарды, тіпті өңірді дамыту көзделген-ді. Есесіне, тарихы терең төрт қақпалы Түркістанға ағылған саяхатшыларға сапалы қызмет көрсету негізгі міндет. Осы тұрғыда Халықаралық туризм және меймандостық университеті жанындағы Құзіреттілік және мансап орталығы арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру» атты кездесуге Түркістан қаласындағы туризм саласының мамандары шақырылды. Қонақ үй, мейрамхана саласындағы бизнес иелері Түркістандағы туризмді дамыту бойынша нақты қандай қадамдар жасалуы тиіс деген тақырыпты талқылап, ұсыныстарын айтты.

Айтуларынша, қызмет көрсету саласында білікті мамандар тапшы. Ал,  Халықаралық туризм және меймандостық университеті кадр даярлайтын таптырмас алаң. Сондықтан, біздің студенттердің өз бизнестерінде іс-тәжірбиеден өтуін қолдайтындарын жеткізді. Бұл өз кезегінде біздің студенттердің тұрақты жұмыспен қамтылуының да негізі болмақ.

Кездесу соңында, бизнес иелері мен университет оқытушылары ұдайы кездесіп, дөңгелек үстел басында негізгі проблемаларды шешу жолдарын бірге қарастыруға уағдаласып тарқасты.