«Мақала – ғылыми жұмыстың жанры ретінде: оны дайындаудың, жазудың және рәсімдеудің принциптері мен ерекшеліктері» атты студенттерге арналған ғылыми семинар өтті

2022 жылдың 14 сәуірінде Ғылым қызметкерлері күніне орай, Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Мақала – ғылыми жұмыстың жанры ретінде: оны дайындаудың, жазудың және рәсімдеудің  принциптері мен ерекшеліктері» тақырыбында  студенттерге арналған ғылыми семинар өтті. Семинарды «Туризм және қонақжайлылық» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жолманова Назерке Жанайдарқызы өткізді. Ғылыми шараға университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Өзекті тақырыпты талқылау барысында  студенттерге мақаланың ғылыми жұмыстың  бөлігі ретіндегі маңызы мен ерекшілігін, түрлерін оны жазу мен рәсімдеудің ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ студенттерге ғылыми мақала жазу кезінде қалыптасатын дағдылар түсіндіріліп, болашақ маман ретінде  жүйелі ойлау, ақпаратты іздеу және сараптау, талдау және дұрыс рәсімдеу арқылы өз бойларында  дамытатын қабілеттері көрсетілді. Ғылыми мақаланың құрылымы, сипаттамалары және қандай баспаларда жариялауға болатыны да айтылды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.