Қаймағы бұзылмаған қазақия қоғамында қызға деген көзқарас ерекше еді. Қызын жат пиғыл мен тіл-көзден сақтау мақсатында бұрымына шолпы, тақиясына үкі тағып, бүрмелі көйлек кигізетін болған. Халқымыз қыздың өлшемін – ұлттың өлшемімен өлшеген..
Дегенмен, кәмелетке толар толмас студент атанып, ата-ана қамқоры мен қадағалауынан бөлініп, өзге қалаға келіп жеке өмірін бастайды. Осы жаңа өмірде жас бойжеткен еркіндікті дұрыс түсінбей, жастықпен қателіктерге жол беруі әбден мүмкін. Ендеше, қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі деген тұжырымға сүйенсек, қоғамның басты мәселесі, атап айтсақ біздің де мәселе екені айдан анық.
Сол себепті де, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, туризм және спорт факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Мөлдір Жорабекқызы қыздармен сырласу сағатын өткізді. «Қызым – үйде, қылығы – түзде» деп аталған шарада студент арулар мен мамандар кездесуін ұйымдастырып, маңызды мәселелерді талқылады. Мақсаты – кәмелет жасына толған қыздардың өнегелі жыныстық сауаттылығын арттыру Ашық әңгіме алаңына қалалық «Ақмарал» емханасының гинеколог дәрігері- Бахтиярова Алма Шапхатқызы мен мен психолог Хадиева Динара, сондай ақ университетіміздің дәрігері Сапидоллаева Мархаба келіп, суденттерімізді кәсіби тұрғыда ақпараттандырып, арулар тарапынан қойылған ашық, анонимді түрде сұрақтарға жауап берді. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуді «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы, Әлеуметтанушы Айжамал Сұлтанбекова жүргізді. Маман ретінде қазіргі қоғамдағы мәселенің алатын орны мен статистикалық мәліметтермен таныстырып, мәселенің алдын алу және күресу шаралары туралы ақпарат берді.