2022 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Халықаралық Туризм және меймандостық университетінде “Жасанды интеллект” және Big Data: жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер” тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми шараға университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар барысында жасанды интеллекттің анықтамалары, түрлері, қолдану салалары, сондай-ақ деректер мен үлкен деректер терминдері талданды. Семинарға қатысушылар “Artificial Narrow Intelligence” (“жасанды интеллект”), “Artificial General Intelligence” (“жасанды жалпы интеллект”), “Artificial Superintelligence” (“жасанды суперинтеллект”) терминдерін мысалдармен қарастырып, талқылады.
Сонымен қатар, қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды: жасанды интеллекттің жаңа технологиялармен байланысы, 5G, 6G; роботтармен байланыс; жасанды интеллект пен Big Data технологиясын қолдана отырып шешуге болатын мәселелер. Робототехника, өздігінен жүретін машиналар, дауыстық асстенттер, Денсаулық сақтау, тұрмыстық электроника, қаржы кеңесшісі, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері талқыланды.