«Мәдени мұраның туризмдегі рөлі» атты ғылыми семинар

2022 жылы 24 ақпанда Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Мәдени мұраның туризмдегі рөлі» атты ғылыми семинар өткізілді. Онлайн және офлайн форматта өткен семинарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Туризм кафедрасының профессорлары О.Б. Мазбаев пен А. Секенұлы, университетіміздің профессор-оқытушы құрамы, Студенттік ғылыми орталықтың мүшелері мен білім алушылар қатысты.

Туризм және қонақжайлылық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Изенбаев Бекнұр Жүсіпбекұлы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудағы өз көзқарасын, ғылым мен мәдениетті дамытудағы рөлі туралы баяндады.

Семинар барысында профессор Мазбаев Орданбек Лесбекұлы және профессор Адай Секенұлы отандық туризмді дамытудағы мәдени мұраның рөлі туралы пікірлерін білдіріп, іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ұсыныстарын берді. Қатысушылар өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісіп, Мәдени мұра арқылы туризмді дамыту жолдарын ұсынды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Семинар соңында Студенттік ғылыми орталықтың мүшесі, техн.ғ.к. Абдрахманов Рүстем Бактиярович баяндамашыға қызықты әрі пайдалы семинар үшін алғыс білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.