«Жатақхана – менің екінші үйім» тақырыбында кездесу өткізілді

17-ақпан күні, Фараб кітапханасының концерт залында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің жатақханада жататын студенттерімен «Жатақхана – менің екінші үйім» тақырыбында Туризм және спорт факультетінің декан орынбасары Мөлдір Жорабекқызы мен Жастар саясаты және қабылдау науқаны бөлімінің бас маманы Жангелді Пернебекұлының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – Жатақханада жататын студенттердің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлары, жалпы жатақхананың ішкі ережелері төңірегінде көптеген сұрақтарға (санитарлық эпидемиологиялық талаптар, өрт қауіпсіздік ережелері, жатақхана төлемақысы, сондай азаматтық құқықтық нормалар т,б) студенттерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, студенттер тарапынан қойылатын сұрақтар мен талап-шағымдарын қанағаттандыру.

Кездесуге Басқарма төрайымы – Ректор Мурзамадиева Майнюра Саветовна бастап, Аппарат басшысы Зиябеков Ержан Макулбекович, Оқу және ғылым істер жөніндегі проректор Адилова Култай Агытаевна, Жастар саясаты және қабылдау бөлімінің басшысы Алайдаров Ақ-Әділ Әбушахмаұлы, Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімі басшысы Ермухамедова Айжан Пернебаевна, Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлім басшысы Жумжаева Гульнар Құралбековна, Факультет деканы Асан Досмахамбет Сейдімбекұлы, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім басшысы Мырзатай Ержан Кыдырбайұлы, Өрт қауіпсіздігі бойынша инженер Смайлов Султанали, Цифрландыру және ішкі әкімшілендіру басқармасы басшысы Ранбаев Нурбол Бахытович, Жатақхана меңгерушісі Абиров Нұржан қатысты.

Кездесу еркін, ашық түрде өткізілді. Студенттер университет ұжымы басшыларын тыңдап, әр тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жиын соңынды осындай кездесу жоспарлы түрде өткізіліп тұрады деген келіссөзбен тарқасты.

Кездесу соңында студенттер өздері қалып, жатақхананың әр қабатының студенттік кеңесін қайта сайлады.