«Ғылыми-зерттеу құралдары мен методологиясы» атты ғылыми семинар

 2022 жылы 22 ақпанда Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында «Ғылыми-зерттеу құралдары мен методологиясы» атты ғылыми семинар өткізілді. Онлайн семинарға университетіміздің профессор-оқытушы құрамы, ғылыми қызметкерлер мен студенттер қатысты.

Семинарды Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Омаров Батырхан Султанович жүргізді және ғылыми жұмыстың құрылымын, ғылыми метрикалық базалар мен зерттеу көздері туралы толық мәлімет берді.

Семинар барысында оқытушылар мен білім алушылар ғылыми мақала жазу бойынша және ғылыми базалармен жұмыс жасауда туындайтын мәселелерді талқылап, студенттердің ғылыми мақала жазуға және ғылыми базалармен жұмыс жасауға деген қызығушылықтарын арттырды.

Семинар соңында Студенттік ғылыми орталықтың мүшесі, т.ғ.к., профессор м.а. Альжанова Эльмира Есіркеповна семинарды жүргізген Омаров Батырхан Султановичке қызықты әрі пайдалы семинар үшін алғыс білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.