Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 29-қараша күні басталған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған І Студенттік ғылыми-теориялық конференциясы өз мәресіне жетті.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу студентті кәсіби пәндерді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді. Конференцияның жабылу салтанаты онлайн-офлайн өткізілді. Оған университетіміздің Туризм және спорт факультетінің деканы Досмаханбет Сейденбекұлы, Декан орынбасары Мөлдір Жорабекқызы, оқытушы – профессорлар, ғылыми қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Биылғы Студенттердің І ғылыми-теориялық конференция бағдарламасына сәйкес 4 секция жұмыс жасады. Бұл секцияларда 125 студент баяндама жасады. Баяндама жасаған студенттердің жақсы деңгейде орындалған жұмыстары, секцияларда арнайы бұйрықпен құрылған комиссия құрамында талқыланды.
Студенттердің І ғылыми-теориялық конференциясының нәтижесінде: І дәрежелі дипломмен – 4 студент, ІІ дәрежелі дипломмен – 8 студент, ІІІ дәрежелі дипломмен – 12 студент марапатталды.
Конференция соңында Досмаханбет Сейденбекұлы бүгінгі марапатталған студенттерді тағы да бір құттықтай отырып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.