І – студенттік ғылыми-теориялық конференция

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған І Студенттік ғылыми-теориялық конференцияның ашылуы болды. Конференцияға профессор – оқытушы қауымы, ғылыми қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Конференцияны университетіміздің Оқу және ғылыми істері жөніндегі проректор Күлтай Ағытайқызы мен Туризм және спорт факультетінің деканы Досмаханбет Сейденбекұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы Студенттердің І ғылыми-теориялық конференциясы 2021 жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында өтеді. Осы конференцияда 4 секция жұмыс жасап, 125 баяндама тыңдалуы жоспарланып отыр.

Университет қабырғасында ұйымдастырылып отырған конференцияда ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасайтын қатысушыларға сәттілік тілейміз!