“Қабылдау науқаны – 2021” шығармашылық емтихан нәтижелері жарияланды

2021-2022 оқу жылына Халықаралық туризм және меймандостық университетіне В091-Туризм және В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламалары бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің 800 грант орындары бөлінді.

2021 жылдың 10-12 шілде аралығында «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ-ның дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, «В005 – дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 2 шығармашылық емтихан өткізілді. Бұл білім беру бағдарламасы жаңа перспективті трендтерді, дене шынықтыру, фитнес және салауатты өмір салтының ең озық әзірлемелерін ұсынады.

Талапкерлерден 213 өтініш қабылданды және барлық талапкерлер I және II шығармашылық емтиханға қатысып, шекті деңгейден 5 балдан жоғары ұпайларын жинады.

Комиссия құрамынына Ғ.Б. Худияров – Түркістан облыстық орталық су спорт кешенінің директоры, п.ғ.к., ҚР спорт шебері, комиссия төрағасы, Н.Е. Абуова – Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері, комиссия мүшесі, Б.Қ. Мухамеджанов – «Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы, п.ғ.д., профессор,  комиссия мүшесі, Қ.Е. Тасыбаев – Түркістан газетінің бөлім меңгерушісі, комиссия мүшесі, Б.С. Омаров – «Халықаралық туризм және меймандостық университетінің» PhD, қауымдастырылған профессор, комиссия мүшесі ретінде шақырылды.

Шығармашылық емтихан нәтижелері ереже сәйкес Университет сайтында жарияланды (https://iuth.edu.kz/2021/07/10/rezultaty-1-go-2-go-tvorcheskogo-ekzamena-po-obrazovatelnoj-programme-v005-podgotovka-uchitelej-fizicheskoj-kultury/)