Құрметті ақылы бөлімде оқитын студенттер! Көктемгі сессия кезіндегі босаған мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланады

Құрметті ақылы бөлімде оқитын студенттер! Көктемгі сессия кезіндегі босаған мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланады:

  • «В091 – Туризм» ББ тобы бойынша 14 грант,
  • “В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі” ББ тобы бойынша 4 грант,
  • “В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау” ББ тобы бойынша 2 грант қарастырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысына сәйкес мемлекеттік грантқа ауысу жөніндегі ӨТІНІШТІ КеАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» ректорының атына жолдау қажет (үлгі қосымшада). Өтінішті 2021 жылдың 21 шілдеге дейін turizm_sport_dt@mail.ru поштасына жіберу керек. Көрсетілген күннен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды. Өтінішке өзіңіз қол қоюыңыз тиіс және сканерленген форматта жоғарыда көрсетілген поштаға жіберуіңіз қажет.

Конкурс көктемгі сессия нәтижелері бойынша GPA орташа балының негізінде беріледі (нақтырақ айтсақ, қатысушылар арасындағы GPA баллы ең жоғары көрсеткіштері бойынша іріктеледі). GPA үлгерімінің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- (“Өте жақсы”), келесі кезекте А, А- (“Өте жақсы”) бастап В+, В, В-, С + (“жақсы”) дейінгі бағалары, бұдан әрі қарай оқудың барлық кезеңі үшін аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.