Пандемия: шектеулер кезеңінде Қазақстанның туризм мен қонақжайлылығын дамыту мәселелері мен перспективалары атты дөңгелек үстел

2020 жылдың 18 қарашасында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында «Пандемия: шектеулер кезеңінде Қазақстанның туризмі мен қонақжайлылығын дамытудың мәселелері мен перспективалары» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттердің туризм, қонақжайлылық және сервис саласында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Аталмыш дөңгелек үстелге мемлекеттік және бизнес құрылымдардың өкілдері, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ туризм және қонақжайлылық индустриясы саласындағы тұлғалар шақырылды.

Қаралған мәселелер:

Қазақстанның туризм индустриясын қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары;

Туризм-2020 және COVID-19: пандемия кезіндегі және одан кейінгі туристік сала;

Пандемия және дағдарыстан кейінгі кезеңде туристік, қонақ үй және мейрамхана бизнесін стратегиялық және тактикалық басқару;

Басқарудың инновациялық технологиялары және туризм мен қонақжайлылық саласын аумақтық дамытудың креативті трендтері.

Қатысушылар мен қонақтар дөңгелек үстел барысында ұсынылған баяндамалардың әрқайсысын белсенді талқылады. Қорытындылай келе, баяндамалардың дайындығының жоғары деңгейі атап өтілді.