Университет туралы

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Университетті құру Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген. Мақсаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында жазылған және «туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру» болды.

«6В111 – Қызмет көрсету саласы» және «6В014 – Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» бағыттары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға және «7М111 – Қызмет көрсету саласы» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыруға №KZ05LAA00018250 мемлекеттік лицензияға қосымшасы бар.

Университет Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктен берілген Халықаралық институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі (ІА-А №0155) бар.

Университеттің мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысуға құқық беретін №000356 куәлігі бар.

Университет Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында бірінші дүниежүзілік туристік ұйымның (United Nations World Tourism Organization) бекітілген мүшесі болды.

Университет 2023 жылдан бастап Түркияның жоғары білім Кеңесі (Yükseköğretim Kurulu) мойындаған шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілді.

2024 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының түркі университеттері Одағының VII Бас Ассамблеясында, Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің (UNEC) базасында Университет Одақтың толыққанды мүшесі болды.

 Университет қызмет көрсету саласы үшін кадрлар даярлайтын, өзінің білім беру бағдарламаларына дуальды оқыту элементтерін белсенді енгізетін бейінді жоғары оқу орны болып табылады.

Университеттің миссиясы қызмет көрсету саласы үшін Қазақстанның бірегейлігін нақты түсінетін және өз елін әлемдік деңгейде танымал етуге өмірін арнауға дайын мамандарды даярлау.

Университеттің ұраны – «Қазақстанның бірегейлігін өзің таны, оны әлемге көрсет!»

Университеттің негізгі құндылықтары: адалдық, үнемі жетілдіру, білімге теңдей қол жеткізу, командалық жұмыс, ашықтық және шығармашылық.

Қазіргі уақытта Университет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 5 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруда.

Университеттің «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» халықаралық журналына 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті берген куәлік алынды. 2024 жылдан «Bulletin Of The International University Of Tourism And Hospitality» журналы «Туризм» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесінің 3-тізіміне енді. Журнал туризм, қонақ үй бизнесі, экономика, менеджмент және маркетинг бағыттары бойынша ғылыми негізделген зерттеу жұмыстары мен нәтижелері туралы мақалалар жариялайды.

2023 жылдан бастап университетте әскери кафедра жұмыс істейді, ол білім алушылардың әскери білім беру сапасын және олардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыруға арналған.

2024-2025 оқу жылында Университетте Туризм, Қонақжайлылық, Дене шынықтыру және спорт, Тіл, Гуманитарлық мектептері білім алушыларға қызмет көрсетуде. Университетте кадрларды даярлауды 3 бағытта жүзеге асырады: 1) 6В111 – «Қызмет көрсету саласы» («В091 – Туризм», «В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «В092 – Тынығу»); 2) 6В014 – «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» («В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»), 3) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім 7М111 – «Қызмет көрсету саласы» (М147 – Туризм).

Университте 15 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:

  • «6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру»;
  • «6В11102 – Халықаралық және ішкі туризм»;
  • «6В11103 – Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру»;
  • «6В11104 – Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»;
  • «6В11105 – Туристік дестинациялар менеджменті»;
  • «6В01401 – Дене шынықтыру және спорт»;
  • «6В01402 – Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»;
  1. «6В11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі»;
  • «6В11108 – Ұйымдастырылған туризмді басқару және экскурсиялық-анимациялық қызмет»;
  • «6В11109 – Ивент менеджмент»;
  • «6В11106 – Спорттық туризм»;
  • «6В11111 – Tourism Guide Service»;
  • «7М11101 – Туризм менеджменті» (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл);
  • «7М11102 – Туризм менеджменті» (бейіндік бағыт, 1 жыл);
  • «7М11105 – Туризм менеджменті» (бейіндік бағыт, 1,5 жыл).

Жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік серіктестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы кәсіптік білім беруді дамытуды қамтамасыз ету үшін дуальды оқытуды енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ білім алушыларының жалпы саны 2862 адамды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамын қоса алғанда қызметкерлердің жалпы саны 291 адамды құрайды. Университетте Xinjiang University (Қытай), Dokuz Eylül Üniversitesi, Gazi University (Түркия), Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) сияқты бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері және екі шетел азаматтары жұмыс атқарады. Профессор-оқытушылар құрамында Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мүшелері, Қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінің, Ұлттық тестілеу орталығының, жоғары білім беруді дамытудың Ұлттық орталығының және Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығының әртүрлі уақытта және қазіргі кезеңде сарапшылары болып табылатын тұлғалар да бар.