Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты
Білімі
1994 – 1998 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша оқып бітірді;
2000 – 2002 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Экономикадағы информациялық жүйелер» мамандығы бойынша магистратурада оқып бітірді.
Жарияланымдары
Отандық және халықаралық (Scopus, Web of Science) басылымдарда 70 тан астам ғылыми мақалалар, 3 оқу әдістемелік, 3 оқу құралы, 1 монографияның авторы.
Біліктілік арттыру курстары
Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа, Ресей): Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша тәжірибе алмасу (Сұйықтықтың ұңғыға сүзгіленуінің математикалық моделі). 2013, сәуір – мамыр.
И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Мәскеу, Ресей): Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша тәжірибе алмасу (Өндірілуі қиын кен орындарынан көмірсутектерді алу). 2013, мамыр – маусым.
Mountain Language Institute (Колорадо, АҚШ): Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық тағылымдама, Ағылшын тілі деңгейін көтеру. 2013, қазан – 2014, мамыр.
Colorado School of Mines (Колорадо, АҚШ): Bolashak Scholars Faculty Academy Program Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық тағылымдама. 2014, мамыр – 2015, ақпан.
Indian Institute of Remote Sensing (Дехрадун, Үндістан): Short Course on Geoinformatics 2019, Қыркүйек – 2019, Қараша.