Университеттің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау жөніндегі саясатын іске асыру;
Университеттің әлемнің жетекші университеттерінің рейтингтеріне енуі және халықаралық танымалдылыққа ие болуы мақсатында халықаралық аккредиттеуден өтуге қолдау көрсету.
БӨЛІМНІҢ БАҒЫТЫ
халықаралық байланыстарды орнату және кеңейту мәселелері бойынша шетелдік ұйымдармен, елшіліктермен, жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен өзара іс-қимыл жасау;
білім алушыларға дәріс оқуға және практикалық сабақтар өткізуге шетелдік ғалымдарды шақыруын ұйымдастыру;
білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;
Университет оқытушыларының шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардағы тағылымдамасын ұйымдастыру;
шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп білім беру және ғылыми жобаларды орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
шетелдік білім алушылармен жұмыс жасау;
шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасасу.
БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Университет мүддесі үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмыстар мен іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау;
туризм, қонақжайлылық және спорт саласындағы білім берудегі озық нысандарды, әдістерді, құралдар мен технологияларды меңгеруді қамтамасыз ететін түрлі халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, шетелдік тағылымдамаларға қызметкерлердің қатысуын ұйымдастыру арқылы Университеттің ғылыми-педагогикалық және әкімшілік персоналының кәсіби деңгейін арттыру;
қос дипломды білім беруді дамыту және шетелдік мамандарды тарту;
халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес келісімшарт негізінде шетелдік студенттерді қабылдау;
студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту.