Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Құзіреттілік және мансап» бөлімі және Түркістан қаласы әкімдігі мен Мансап орталығы бірлесіп жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.
Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында ұйымдастырылған шараға 36 жұмыс беруші компания және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің бітіруші түлектері қатысты. Онда студенттер мен жұмыс беруші топтар бетпе-бет кездесіп, бос жұмыс орындар туралы толық ақпарат алмасты. Іс шара барысында университет Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров сөз сөйлеп, студенттер үшін ұйымдастырылған жәрмеңкенің маңызды екенін атап өтті.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында студенттер әртүрлі салада тәжірибелі компания өкілдерімен кездесіп, жұмыс беруші тараптың толық мүмкіндігімен танысты. Сондай-ақ, жас мамандарға арналған тағылымдамадан өту бағдарламалары мен басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.