Жеңімпаз студенттер марапатталды

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің жеңімпаз студенттерін Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров марапаттады.

Қарағанды қаласында өткен ҚР ЖОО студенттері арасында ұйымдастырылған XV Республикалық пәндік олимпиадада университетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің білімгерлері командалық есеп бойынша үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленді. Университет Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров команда жетекшісі Бақытжан Раушанбекұлына алғысын білдіріп, жеңімпаздарды арнайы құттықтады. Атап айтсақ, Бекболат Мұқан, Тожиддинов Жасурбек, Наурызбай Асқат «Бастапқы әскери дайындық оқыту әдістемесі» бойынша Республикалық олипиадада топ жарды.

Одан бөлек, жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы ҚР чемпионатында 53 кг салмақ дәрежеде Айғасыр Абилов І орын иеленген болатын. университет Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров Айғасыр Абиловтың 8 дүркін ҚР чемпионы болғанын айтып, университет мақтанышы екенін атап өтті.