Халықаралық туризм жəне меймандостық университетінде 2024 жылдың 19 наурыз күні «Ұлыбритания, Бат университетінің кейбір тәжірбиелерін алу арқылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқу сапасын арттыру» атты тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарда Ғылыми зерттеу орталығының қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессоры Қайнар Қалдыбайұлы оқу орнымыздағы оқу сапасын арттыру үшін студенттер мен оқытушылар арасында әділ, достық және сенімді қарым-қатынас орнатудағы оқытушы дағдыларының маңызды екенін атап өтті.
«Жоғары оқу орындарында оқыту мен оқу үдерістерінің сапасын арттыру бойынша зерттеулердің саны артып келеді. Бұл зерттеулер университет жүйелерін жаңғыртудың және жоғары білікті және бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау үшін инновациялық әдістерді қолданудың маңызын көрсетеді. Университеттегі білім беру ортасын жақсарту үшін оқытушы мен студент арасында сапалы қарым-қатынас орнату өте маңызды. «Teaching to empower» (Zacarianian & Silverstone, 2020) кітабында оқытушылардың өз студенттерін ынталандыру мен шабыттандыруда маңызды рөл атқаратыны, ал кейбір студенттер үшін олардың мақсаты мен жеке басын анықтауға көмектесетіні атап өтілген», — деді, Қайнар Қалдыбайұлы.
Жиын барысында Қайнар Қалдыбайұлы Бат университетінде тағылымдамадан өткен кезінде осы зерттеулерді жүргізгені туралы айтып, деректерді жинау, дайындау және талдау процесін сипаттады.
Ғылыми семинар соңында Тұрғанбай Абдрасилов сөз алып маңызды баяндама жасаған Қалдыбайұлы Қайнарға үлкен алғыс білдіріп, алдағы уақытта оқу, ғылым салаларындағы жұмысына табыс мен сәттілік тіледі.
IUTH Медиа және PR орталығы