IUTH қонақтары: Димаш Құдайбергеннің Dears-тары Түркістанға келді

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фан-клубы мен студенттер кездесуі өтті.

«Dimash Kudaibergen Fanclub Poland» фан-клубының белсенді мүшелері сапарларын түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістаннан бастады. Олар шынай жанкүйер ретінде өздерімен пікірлес адамды табу мақсатта, сүйікті әншісінің шығармашылығын насихаттайтын фан-клубтың қалай құрылғаны және бұл қозғалыс олардың өмір салтына қалай әсер еткені туралы баяндады.

Кездесу барысында студенттер де Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері, нағыз фанаттары екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар Польшадан келген «Dears-тар» тарихына қызығушылық танытып, қандай жұмыстар атқаратыны туралы сұрады.

«Dimash Kudaibergen Fanklub Polska» – әлемдегі ең белсенді, ұйымшыл және ауызбіршілігі мол фан-клубтардың бірі. Қазіргі таңда көптеген қызықты кездесулер мен қайырымдылық шараларын өткізді. Сондай-ақ, олар қазақстандық әншінің шығармашылығы туралы ғана емес, қазақ тарихы мен мәдениетін, тілін кең насихаттап, еліміздің дәстүрі туралы хабар тарататын «Димаш» атты радио құрған.

Медиа және PR орталығы