Желтоқсан оқиғасына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты кеш өтті

Бүгін, 12 желтоқсан күні, Жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына «Тәуелсіздік таңы» атты кеш өтті. Кездесуге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, бүгінде қаламыздың дамуы мен гүлденуіне сүбелі үлес қосып жүрген ардақты азаматтар Жапеков Жеңісбек Бижанұлы, Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы, Жумадуллаева Жанат Аязбайқызы, Әділбекова Забираш Әшімханқызы қатысты. Кешті университет ректоры Сакенов Айдос Мерекеұлы құттықтау сөзімен ашты. Кеште желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжет, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 1989 жылы Кремльде сөйлеген сөзінен үзінді көрсетілді. Кеш қонақтары естеліктерімен бөлісіп, студент жастар Желтоқсан туралы өлеңдер оқыды, «Желтоқсан желі» әнін хормен орындады. Кештің мақсаты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру, рухани жаңғыру аясында жастарды өз халқының тарихын қастерлеуге тәрбиелеу болды. 

IUTH Баспасөз қызметі