IUTH студенті Азия чемпионы атанды

2022 жылдың желтоқсан айының 1-7 жұлдызы аралығында Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қаласында пауэрлифтинг спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Аталмыш додаға университетіміздің атынан  «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасында оқитын ФКС-21-01 тобының студенті Алена Гладкова қатысты. Ол 52 келі салмақта өнер көрсетіп, жалпы 300 келі нәтижемен Азия чемпионы атағын жеңіп алды және классикалық пауэрлифтингтен МСМК нормасын орындап, күміс жүлдегер атанды. 

– Біздің спортшымыз халықаралық жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Соның нәтижесінде, туған елі мен жерінің абыройын лайықты деңгейде қорғады. Алена Гладкова іріктеу турнирлерінде Қазақстан чемпионы. Осы тартысты додада ол өзінің бағындыра алатын нәтижесін бұрынғыдан да мықты дәлелдей түсті – дейді пауэрлифтинг жаттықтырушысы.

Еске салайық, бұған қоса, Алена қырықтан астам елдің үздік спортшылары бақ сынаған әлем чемпионатында алтын жеңіп алған болатын.

Бәрекелді! Жарайсың, Алена!

IUTH Баспасөз қызметі