Ректор блогы

Ректор блогы

Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Ректор

Құрметті достар!

Құрметті талапкерлер, студенттер, ұстаздар қауымы және университет қызметкерлері!

Еліміздегі жаңашыл, білім берудің үздік бағытын ұстанған, туризм саласындағы мамандар даярлауда жалғыз бейінді жоғары оқу орнының ресми сайтына, менің жеке блогыма қош келдіңіздер! Халықаралық туризм және меймандостық университеті – Түркістан облысындағы туризм және қонақ үй ісі саласындағы мамандарды кешенді даярлауды жүзеге асыратын білім ордасы.

Еңбек нарығынан ойып орын ала алатын, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, өз ісін білетін және сүйетін, кез келген жағдайда оң  шешімдер қабылдай алатын кәсіби мамандарды даярлау біздің білім ошағамыздың басты мақсаты.

Жаһанның озық жоғарғы оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын, халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру біздің университеттің негізгі бағыттары! Осы бағытта  ұдайы шетелдік серіктестермен белсенді іс атқарып,  ғылыми іс-шаралар өткізіп отырамыз.

Туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауға ұшырамайтын негізгі саласы. Сондықтан, туризм индустриясын ұтымды үйлестіре алатын білікті кадрлар әрқашан нарықта сұранысқа ие. Мен, осы мамандар даярлау ісіне, яғни Халықаралық туризм және меймандостық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Ректор қызметіне  2022 жылдың шілде айынан бастап кірістім. Бұдан былай, жеке блогым арқылы сіздерде туындаған әрбір сауалға жауап беріп, өздеріңізбен байланыс орнатуға дайынмын!

  • Әзірге хабарлама жоқ...