«Туризм додасы» реалити шоуы аясында түркі әлемінің мега жұлдыздары Түркістанға табан тірегенді. Көне шаһардың әулиелі жерлері мен киелі мекендерін һәм қойнауы сырға толы тарихи орындарды аралап, жаңарған қаланың келісті келбетін тамашалды. Негізгі, объектілердің бірі – біздің Халықаралық Туризм және меймандостық университеті болды.
біздің студенттер зор ықыласпен, үлкен құрметпен қарсы алды.
Оқу ордамызды аралаған қонақтар материалдық техникалық базаның, оқу ғимаратының ерекшелігіне таңданып, жылы лебіздерін білдірді. Оларды тағдандырған тағы бір дүние – студенттердің бірнеше тілде еркін тілдесуі болды. Кездесу соңында студенттер мен қонақтар еркін форматта әңгіме өрбітіп, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.