Түркі тілдес мемлекеттердің мега жұлдыздары университетімізге қонаққа келді

«Туризм додасы» реалити шоуы аясында түркі әлемінің мега жұлдыздары Түркістанға табан тірегенді. Көне шаһардың әулиелі жерлері мен киелі мекендерін һәм қойнауы сырға толы тарихи орындарды аралап, жаңарған қаланың келісті келбетін тамашалды. Негізгі, объектілердің бірі – біздің Халықаралық Туризм және меймандостық университеті болды.

  • белгілі әнші, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі-Мирбек Атабеков;
  • өзбектандық танымал актриса, әнші, «Asia MIX» КВН командасының капитаны, тележүргізуші-Ситора Фармонова;
  • дауысы “Алтын кітапқа” енген вокалист, әзірбайжандық-Амиль Мамедов;
  • талантты түрік әншісі – Серен Узун;
  • ұлттық өнерді насихаттаушы, Қазақстандық – Алексей Лодочниковтарды

біздің студенттер зор ықыласпен, үлкен құрметпен қарсы алды.

   Оқу ордамызды аралаған қонақтар материалдық техникалық базаның, оқу ғимаратының ерекшелігіне таңданып, жылы лебіздерін білдірді. Оларды тағдандырған тағы бір дүние – студенттердің бірнеше тілде еркін тілдесуі болды. Кездесу соңында  студенттер мен қонақтар еркін форматта әңгіме өрбітіп, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.