М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті делегациясы университетімізге келді

Халықаралық оқу орны болғандықтан, шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынаста іс атқару негізгі мақсат. Сондықтан да, алыс-жақын шетелдік университеттермен тәжірбие алмасуды жолға қойғанбыз. Мәселен, таяуда 

М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті делегациясы біздің оқу ордамызға арнайы іс-сапармен келді.

Делегация құрамында аталған оқу орнының “Таэквондо және спорттық қызмет” факультетінің деканы В.Ш.Рахимов, “Таэквондо және спорттық қызмет” кафедрасының меңгерушісі И.Б.Алиев және доцент К.Арзибаев бар. Топ оқу орнын аралап, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, ғылыми-зерттеу орталығының қызметімен көріп, білім ошағымыздың ұстаздары мен студенттерімен танысты. Онлайн форматта университетіміздің Дене тәрбиесі және спорт бағытындағы бірнеше кафедра профессор оқытушыларына “Жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі пәнінде фандрайзинг әдісін қолданудың ерекшеліктері” тақырыбында 72 сағат дәріс оқып, біліктілік сертификаттарын табыстады.  Алдағы оқу жылында екі ел арасында қос дипломдық білім беру бағдарламасын жасау қолға алынатын болды. Халықаралық ынтымақтастық келісім шартын іске асыру мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қарқынды жұмыс жасау көзделуде. Сондықтан, екі жақты арнайы құжаттарға қол қойып, ортақ келіссөздер жүргізілді. Кездесу соңында қонақтарға арнайы сертификаттар табысталды.