2026–2027 оқу жылының көктемгі триместріне арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау

Құрметті білім алушылар!

Қазақстанның жоғары оқу орындарында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2026–2027 оқу жылының көктемгі триместрінде білім алуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • GPA көрсеткіші 3,0 және одан жоғары болуы;
  • 2-курс білім алушысы болуы;
  • Бағдарламаға қатысуға байланысты қаржылық шығындарды өтеу мүмкіндігінің болуы;
  • Бітіруші курс білім алушылары бағдарламаға қатыса алмайды;
  • Оқуға академиялық және қаржылық берешегі жоқ білім алушылар ғана жіберіледі. Ақылы негізде оқитын білім алушылар IUTH талаптарына сәйкес оқу ақысын алдын ала төлеуі тиіс.

 

Ескерту: білім алушылар серіктес университеттің оқу жоспары өздерінің оқу жоспарына сәйкес келген жағдайда ғана оқуға жіберіледі.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 28 қараша.

Өтінім мен құжаттарды international.office@iuth.edu.kz электрондық поштасына жіберіп, немесе барлық құжаттардың түпнұсқаларын бас ғимараттағы № 114 кабинетке ұсыну қажет.

Қаржылық шарттар:

– Оқу серіктес жоғары оқу орнының шарттарына сәйкес ақылы немесе тегін негізде жүзеге асырылады. Нақты шарттарды Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің үйлестірушілерінен білуге болады.

– Жатақханада тұру ақылы негізде жүзеге асырылады. Кейбір жоғары оқу орындарында жатақхана берілмейді.

Серіктес жоғары оқу орындарының көпшілігінде оқу тегін негізде ұсынылады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
  • Түйіндеме (жүктеу);
  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде басқа жоғары оқу орнында білім алуға ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
  • Ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипт. Оны Офис-регистратордан (ректорат) алып, сканерленген нұсқасын жіберуге немесе Platonus жүйесінен QR-коды бар нұсқасын басып шығарып ұсынуға болады;
  • Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушының сауалнамасы (төмендегі сілтеме арқылы толтырылады):

https://forms.gle/fQTz8wCPueeQ4H2E9

  • Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • Тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда):
  • Отбасы құрамы туралы және білім алушының көпбалалы отбасынан шыққанын растайтын құжаттар;
  • Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушы мәртебесін растайтын құжат;
  • Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат.

 

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды PDF форматында international.office@iuth.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Хаттың тақырыбы: «Аты-жөні, ішкі академиялық ұтқырлық, көктемгі триместр 2027».

Серіктес жоғары оқу орындары мен ұсынылатын пәндер тізімімен алдын ала танысу қажет. Таңдалған пәндердің білім беру бағдарламасына сәйкестігін мектеп директорымен келісу қажет.

 

Серіктес университеттердің тізімі жаңа ақпараттың түсуіне қарай жаңартылады. Өзекті ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен (бас ғимарат, № 114 кабинет) алуға болады.

 

ЖОО атауыОқу мерзіміЖатақханаҚаржылық шарттар
Esil University (Астана)25.01.2027 – 04.06.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынады. Айына 125 000; тұру мерзімі — 5 ай / 1 семестр.Оқу тегін. Тамақтану, барып-қайту жолақысы және тұру шығындарын білім алушы өз қаражаты есебінен өтейді.
Нархоз университеті (Алматы)04.01.2027 – 01.05.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынады. Айына 80-90 мың тенге!
Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) (Алматы)11.01.2027-25.04.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынбайды. Жекеменшік жатақханаларға орналасу нұсқалары бар.
Алматы технологиялық университеті (Алматы)04.01.2027 – 01.05.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынады. 1 семестрге – 175000
META University (Алматы)11.01.2027 – 23.05.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынбайды. Жекеменшік жатақханаларға орналасу нұсқалары бар. Айына 65 000.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау)25.01.2027 – 05.06.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынады. 42500 теңге.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда)04.01.2027 – 01.05.2027Қабылдаушы университет жатақхана ұсынады.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау) Қабылдаушы университет жатақхана ұсынады.

 

Ескерту: кестеде көрсетілген оқу мерзімдері, жатақханада тұру құны және өзге де шарттар өзгеруі мүмкін, бұл жобамен берілген мәлімет. Жатақхана ақысы тұратын семестр үшін бірден толық көлемде төленетінін ескеру қажет.

Маңызды ақпарат: IUTH жатақханасында 2026–2027 оқу жылында тұру үшін бір жылдық төлемді толық жасаған білім алушы көктемгі триместрде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға кеткен жағдайда, шарт талаптарына сәйкес төленген қаражат қайтарылмайды.

Қосымша ақпарат

Жеке оқу жоспары. Пәндерді таңдау бітіруші мектеп директорымен келісіліп, Оқу-әдістемелік кеңестің отырысында бекітілуі тиіс. Серіктес университет ұсынған пәндер тізімінен мазмұны сәйкес келетін міндетті пәндер таңдалып, олар академиялық ұтқырлық жүзеге асырылатын триместрде меңгерілуі тиіс. Таңдау пәндері еркін таңдалуы мүмкін, алайда олардың циклі (жалпы білім беру, базалық немесе бейіндеуші пәндер) сәйкес келуі қажет. Кредиттер саны тиісті триместрдің оқу жоспарында көзделген кредиттер санына тең болуы тиіс. Пәндер немесе кредиттер саны сәйкес келмеген жағдайда, білім алушы оралғаннан кейін академиялық айырмашылықты меңгеруге өзі жауапты болады және қажет болған жағдайда қосымша ақы төлейді.

IUTH-қа оралғаннан кейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне мына құжат ұсынылады:

  • Серіктес университет берген транскрипт.

Үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей ұпай жинаған жағдайда басымдық мына санаттарға беріледі:

  1. GPA көрсеткіші жоғары үміткерлерге;
  2. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға;
  3. Бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға;
  4. Көпбалалы отбасынан шыққан үміткерлерге.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы

Еңлік Серікқызына хабарлас‪уға болады, номер: +77472452020

 

Ескерту:

Құжаттарды жібермес бұрын олардың толықтығы мен дұрыстығын тексеріңіз. Құжаттардың толық топтамасы бір рет, түзетусіз жіберілуі тиіс. Құжаттар қайта жіберілген жағдайда, ұсынылған құжаттардың ешқайсысы қарастырылмайды.