Босаған білім беру гранттарын тағайындау байқауын өткізу туралы

2025-2026 оқу жылындағы  жоғары білім алу үдерісі барысында босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін байқау жарияланады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқау өткізу арқылы тағайындалады.

Босаған білім беру грантын алуға байқау жүргізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқудың барлық мерзімі бойынша  тек А,А- («өте жақсы»), одан соң А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы»), ары қарай аралас бағалары бар үміткерге  беріледі.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  • Ақылы негізде оқитын білім алушының білім беру гранты бойынша оқуы туралы Басқарма төрағасы – Ректор атына жазылған өтініші (өтініш үлгісі);
  • Білім алушының транскрипті;
  • Білім алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  • Әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда).

ӨТІНІШ БЕРУ УАҚЫТЫ МЕН ОРЫНЫ:

  • 20-25.07.2026ж күндер аралығы;
  • Тіркеу кеңсесі (Бас ғимарат, 104 кабинет)
  • Сағат 09:00-18:00 аралығы. 

Халықаралық туризм және меймандостық университеті КеАҚ.

Жоғары білім алу процесінде грант бойынша босатылған бос орындары.

БАКАЛАВР/МАГИСТРАТУРА

(08.01.2026 ж күнгі)

Білім беру бағдарламаларының тобыҚабылдау жылыКурс Орын саны Топтағы білім беру бағдарламалары
бакалавр
1В091-Туризм2025126B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру
6B11102 Халықаралық және ішкі туризм
6B11103 Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру
6B11105 Туристік дестинациялар менеджменті
6В11108 Ұйымдастырылған туризмді басқару және экскурсиялық-анимациялық қызмет
6B11111 Tourism Guide Service
202424
2В092-Тынығу20251166В11106 Спорттық туризм
6В11107 Спорттық-сауықтыру фитнесі
202429
3В093- Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі2025116B11104 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі
6В11109 Ивент-менеджмент
202421
магистратура
4М149 Туризм2025/тамыз117М11103 Global Hospitality Management (2 жылдық)
жалпы34