Жоба аясында Орынбор қаласында ғылыми іссапар өтті

2026 жылғы 2–8 шілде аралығында AP26105447 «Түркістан облысының тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштері мәдени-тарихи туризмді дамыту контекстінде және олардың цифрландырылуы» және AP26103507 «Түркістан өңірінің қалалық мәдениеті әлеуметтік-мәдени эволюция және трансформация контекстінде (XVIII – XXI ғасырдың басы): дәстүрлі қаладан қазіргі заманға дейін» ғылыми жобалары аясында жоба орындаушылары Ресей Федерациясының Орынбор қаласына ғылыми іссапармен барды.

Іссапар барысында Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану музейінде, Біріктірілген Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде және Н.К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу барысында Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасы, қалалық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына қатысты архивтік құжаттар, сирек басылымдар және ғылыми әдебиеттер зерделеніп, жобалардың деректік базасы толықтырылды. Жинақталған материалдар ғылыми мақалалар, монографиялар және жобалардың жоспарланған ғылыми нәтижелерін әзірлеуде пайдаланылатын болады.