

30 наурыз – 12 сәуір 2026 жыл аралығында Түркиядағы Бурса Улудаг университетінен шақырылған шетелдік профессор Эмин Атасой университетімізге арнайы іссапармен келді.
Сапар барысында профессор оқытушылар құрамына арналған «SCOPUS және Web of Science (Master Journal List) базаларына енгізілетін ғылыми мақалаларды дайындау әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, білім алушылар үшін мазмұнды дәрістер ұйымдастырып, өз саласындағы өзекті ғылыми мәселелерді жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында қатысушылар шетелдік тәжірибемен алмасып, жаңа білім мен кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Аталған сапар университетіміздің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.
