«Ғылым апталығы»: IUTH білім алушылары арасындағы стартап жобалар байқауы.

2026 жылғы 09 сәуірде «Ғылым апталығы» аясында «Development of Tourism in Kazakhstan» тақырыбында IUTH білім алушылары арасында стартап жобалар байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты — білім алушылардың туризм, меймандостық және сервис салаларында ғылыми-зерттеу және практикалық қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті кәсіби құзыреттерін дамыту, инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыру және заманауи жобалық бастамаларды қолдау болды.

Байқау барысында 8 білім алушы өздерінің инновациялық стартап жобаларын ұсынып, сараптамалық комиссия алдында қорғады. Қатысушылар туризм индустриясын дамытуға бағытталған цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, тұрақты даму және «ақылды» инфрақұрылым бағыттарындағы тың идеяларын таныстырды.

Комиссия шешімі бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды:

 I орын — Айтжанов Диас
Жоба тақырыбы: «Turkistan Immersive Boutique»
Ғылыми жетекшісі: Туризм мектебінің PhD, аға оқытушысы Тагманов У.С.

II орын — Зияддинов Салават
Жоба тақырыбы: «AI Travel Guide KZ»
Ғылыми жетекшісі: Гуманитарлық мектебінің магистр, аға оқытушысы Сапарбекова Г.А.

III орын — Кестебек Заңғар
Жоба тақырыбы: «Smart Solar Glass: Внедрение прозрачных фотоэлектрических технологий в фасадные системы объектов туризма и гостеприимства Республики Казахстан»
Ғылыми жетекшісі: Қонақжайлылық мектебінің PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Мустафаева Б.У.

Аталған байқау білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, стартап мәдениетін дамытуға және туризм саласындағы инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған маңызды алаң болды.