«IUTH OPEN AIR 2024» салтанатты шарасы өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің бес жылдық мерей тойы мен 1 курс білімгерлерін ресми студент қатарына қабылдау кешіне арналған «IUTH OPEN AIR 2024» салтанатты шарасы өтті.

Ерекше атмосфераға толы айтулы кешке қала жастарынан бөлек, еліміздің өзге өңірінен де қонақтар келіп қатысты.

Аталған кеште Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қонақ болып қатысып, министрліктің арнайы құттықтауын жеткізді.
Салтанатты шарада еліміздің үздік жүргізушілері жарасымды әзілдерімен қалың көрерменнің көңілінен шыға білді. Сондай-ақ хит әндердің орындаушыларымен жастар қосыла ән шырқап, Түркістан аспанын әнге бөледі.

Айтулы кешке қатысқан жастардың сөзінше, дәл осындай масштабтағы салтанатты шара бұрын-соңды болмаған. Үлкен сахна, хит әндер, жарқын эмоция бастысы – барлығы тегін! Осы үшін де IUTH ұжымына алғыстарын білдірді.

Жастарға ұмытылмас керемет әсер сыйлаған айтулы кеш көп есінде ұзақ сақталары анық.

Туған күніңмен IUTH!