
“Коммуникативті-когнитивті құзыреттілікті қалыптастырудағы цифрландыру” біліктілікті арттыру курсы 2024 жылдың 25 қыркүйегінен 09 қазанына дейін Халықаралық туризм және меймандостық университетінде сәтті өткізілді. 90 сағаттық бағдарлама ағылшын тілі оқытушыларының цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталып, заманауи білім беру технологиялары мен онлайн оқыту әдістерінің негізгі аспектілерін қамтыды. Қатысушылар әртүрлі цифрлық құралдарды, білім берудегі жасанды интеллектті қолдануды және тиімді онлайн курстарды құру әдістемесін меңгерді. Курс теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастырып, оқытушыларға өз педагогикалық тәжірибесіне инновациялық цифрлық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді және қатысушылардың цифрлық білім беру жобаларын таныстыруымен аяқталды.
Бұл курс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын AP19678230 «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілін оқытуда туризм мамандарының коммуникативті және когнитивтік құзыреттілігін арттыру» жобасы аясында ұйымдастырылды.