Халықаралық туризм және меймандостық университетіне «Құзіреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру» бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық «Мансап орталығының» өкілдері келіп, «Жастар практикасы» бағдарламасының тиімділігі турады түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Орталықтың директоры Нұрсұлтан Жүсіпбаев жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ашылған түрлі жобалар туралы ақпарат беріп, студенттерге таныстырды. Ашық форматта өткен жиында білімгерлер өздерін толғандырған сауалдарды жолдап, еңбек келісімшартына сай жұмыс істеу жолдары туралы сұрақ қойды.
Алдағы уақытта студенттер «Мансап орталығына» жүгінген жағдайда олардың сұранысына сай жұмыс беруші тараппен келісім жасалып, ұсынысқа сай қызмет етуге тырысатынын жеткізді.