Әскери кафедраға құжат қабылдау жалғасуда

Білім алушылардың назарына!

Әскери кафедраға құжат қабылдау жалғасуда. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын білім алушылар жіберіледі.

  • запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші курс студенттерінен қабылдананды.
  • запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші курс студенттерінен қабылданады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізбегі:

  1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3. Көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана.
  4. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (eGOV).
  5. Факультетте және мамандығын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама.
  6. Жеке істі рәсімдеуге – 2 жәй файл.

Қосымша сұрақтар бойынша Әскери кафедраға келуді өтінеміз (Оқу корпусы)