Халықаралық туризм және меймандостық университетіне Rixos Water World Aktau қонақ үй өкілдері келді. Басқарма төрағасы-Ректор Әлібек Шоқпаров қонақтарды күтіп алып, екі тарап арасындағы ынтымақтастық жөнінде сөз қозғады.
Ал қонақ үй бас директорының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары Хакан Качин, HR менеджер Гульзира Турушева, Эрхан Абаджи және Ирина Абдрахманова студенттерге тағлымдамадан өту жолдары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, арнайы сала мамандары студенттер арасынан іріктеу жүргізіп, алдағы уақытта әр студенттің икемділігіне қарай жұмыс ұсынатын болады.
Еске салайық, университетте дуальды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа отырған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. Мысалы, IUTH серіктестерінің бірі –RixosWaterWorldAktau. Мұнда студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұнымен қатар оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақысы да сақталады
IUTH Медиа және PR орталығы