Халықаралық туризм және меймандостық университетіне «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының туризм саласына жетекшілік ететін орынбасары Тимур Арсенұлы Нахипбеков жұмыс сапарымен келді. Басқарма төрағасы-ректор м.а. Қарлығаш Аралбекова қонақтарды арнайы күтіп алып, туризм бағытында кадр даярлау, университет артықшылықтары туралы сөз қозғады.
«2024 жылдың шілде айында университетіміз алғашқы түлектерін нарыққа шығарады. Бұл саладан тез нәтиже күтуге болмайды, өйткені білім – ең бірінші сапаны талап етеді, ал сапа уақытты талап етеді. Біз жыл сайын туризм индустриясына үлес қосатын мамандарды шығарамыз және біртіндеп олардың жұмысының нәтижесін көреміз» – деді, Қарлығаш Аралбекова.
Кездесу барысында, туризм секторы үшін кадрлар даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру, дуальды оқытудың ерекшеліктері мен артықшылықтары, білім беру бағдарламаларының бағыттары және басқа да көптеген мәселелерді талқылады.
IUTH Медиа және PR орталығы