IUTH СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА

Қаңтардың 11-23 аралығында Кувейт елінің астанасы ЭЛЬ-КУВЕЙТ қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтуде. 35 елден 350 спортшының қатысуымен болып жатқан ауқымды додада Қазақстан құрамасында 18 мерген бар.

Намысты додада Қазақстан әйелдер құрама командасы стенд атудан “трап” түрі бойынша қола жүлдені иеленді. Команда құрамында Досмағамбетова Айжан, Дмитриенко Мария және университет мақтанышы – Анастасия Прилепина бар.

Анастасия Прилепина Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 4 курс студенті. Қазіргі таңда, Дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алады. Еске сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен 2023 жылғы Азия ойындарында стенд атудан қола жүлдеге ие болған еді.

Анастасия Прилепинаны жеңісімен құттықтаймыз!

IUTH Медиа және PR орталығы