2023-2024 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша босаған мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланғанын хабарлаймыз.
В091-Туризм ББ тобы бойынша
В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі ББ тобы бойынша
В092-Тынығу ББ тобы бойынша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес, 2023-2024 оқу жылы, І-жарты жылдығының нәтижесінде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлер өтінішті КеАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» ректорының м.а атына жолдау қажет (үлгі қосымшада).
Өтінішті 2024 жылдың 19 қаңтарына дейін Тіркеу кеңсесіне келіп жазау қажет. Немесе office@iuth.edu.kz поштасына жіберуге болады. Көрсетілген күннен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды. Өз қолыңызбен жазылған өтінішке қол қойып, сканерленген pdf форматта жоғарыда көрсетілген поштаға жолдау қажет.
Грант күзгі сессия нәтижелері бойынша GPA орташа балының негізінде беріледі. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар арасында GPA баллы ең жоғары көрсеткіштері бойынша іріктеледі. GPA көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- (Өте жақсы), одан кейін А, А- (Өте жақсы) бастап В+, В, В-, С+ (жақсы) дейінгі бағалары, бұдан әрі қарай оқудың барлық кезеңі үшін аралас бағалары бар білім алушылар үміткер бола алады.