Басқарма төрағасы-Ректор м.а. Қарлығаш Аралбекованың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті профессор-оқытушылар, сала қызметкерлері, студент-жастар!
Сіздерді қазақстандықтар үшін ең ұлы да, қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын күн. Біз бүгінде Тәуелсіздіктің арқасында – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналдық. Тірлігі – жарасқан, бірлігі – бақ ашқан елміз. Қазақ халқында «Ынтымақты елдің – ырысы мол» деген даналық бар. Тәуелсіздіктің арқасында жоғымызды тауып, рухани-мәдени байлығымызды түгендедік. Соның айқын бір дәлелі – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің бойы көтеруі деп білем. Бүгінде біз туризм саласындағы жалғыз профильді университетпіз. Алғашқы түлектерімізді шығарып салу салтанатына да таяп қалдық. Осының барлығы үлкен қадам, профессор-оқытушылар құрамы және ұжым еңбегінің нәтижесі. Ең бастысы, тәуелсіздігімізге адал қызмет етіп, соның арқасында зор ықыласқа ие боламыз деген сенімдемін.

Құрметті әріптестер!

16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізе берейік! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілеймін.

Құрметпен,
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің

Басқарма төрағасы-Ректор м.а. Қарлығаш Аралбекова