Студенттер qamqor.gov.kz мобильді қосымшасымен танысты

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде qamqor.gov.kz мобильді қосымшасының мүмкіндіктері түсіндірілді. Оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша Басқармасы ұйымдастырды.

Студенттерге «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі», «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» және «e-Otinish» ақпараттық жүйелері көрсетіліп, анықтама берілді.  

ЖОО түлектеріне Комитетпен және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы төмендегі қызметтерге өтініш бере алатындығы айтылды:

  1. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру».
  2. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою».
  3. «ҚР БП ҚСжАЕАК мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру».
  4. «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру».

Қызметтің орындалу мерзімі – 10 минут, қосымша айқындамалық тексеру жағдайларында – 5 жұмыс күні ішінде орындалатындығы түсіндірілді.