Халықаралық туризм және меймандостық университетінде qamqor.gov.kz мобильді қосымшасының мүмкіндіктері түсіндірілді. Оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша Басқармасы ұйымдастырды.
Студенттерге «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі», «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» және «e-Otinish» ақпараттық жүйелері көрсетіліп, анықтама берілді.
ЖОО түлектеріне Комитетпен және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы төмендегі қызметтерге өтініш бере алатындығы айтылды:
Қызметтің орындалу мерзімі – 10 минут, қосымша айқындамалық тексеру жағдайларында – 5 жұмыс күні ішінде орындалатындығы түсіндірілді.