ХІІ жазғы Универсиаданың студенттер арасындағы жүзуден жарыс ойындары Ақтау қаласындағы Yessenov Sport Club кешенінде өтті.
12 университеттен келген жүзгіштер 50 метрді еркін және баттерфляй әдісінде, ал 100 метрді брасс және шалқалап жүзу әдісімен жүзіп шықты. Жарыста ұлдар арасында 11 және қыздар арасында 5 команда бақ сынаған. Сайыстың нәтижесінде ұлдар командасы бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері III орынды иеленді.
Ақтау Универсиадасының үздіктері Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXII Дүниежүзілік Универсиадаға және ІІ Түркі Универсиадасына жолдама алады.
Жарыстан жүлделі орынды алып келген студенттер мен жаттықтырушыларын университет ректоры Сакенов Айдос Мерекеұлы құттықтап, алдағы уақытта да спорттық додаларда жоғары жетістіктерге жетіп, университетіміздің намысын қорғап жүрулеріне тілектестігін айтып, сәттілік тіледі.
IUTH Баспасөз қызметі