2022 жылдың 9-11 желтоқсан аралығында Астанадағы ЕҰУ-де, Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы, жасанды жердегі тау туризмі әдістемесінің екі пәні бойынша V Халықаралық жарыстар өтті. Қатысушылар жұптық және командалық қашықтық бойынша бақ сынасты. Олимпиадаға елімізден бөлек, Өзбекстан Республикасынан да үміткерлер жиналып, жоғары оқу орындарынан барлығы 8 команда бақ сынады.
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің туризм кафедрасының оқытушысы Сабидолла Е.Д. бірінші және екінші курс студенттерімен қатысып, нәтижесінде IUTH командасы II орынға ие болды. Жарысқа қатысқан барлық жеңімпаздар құрмет грамотасы, алғыс хат және арнайы кубокпен марапатталды.
Құттықтаймыз!
IUTH Баспасөз қызметі