25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау ұйымдастырылды. Байқау мақсаты – студенттердің азаматтық сана-сезімін дамытып, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін ояту, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.
Эссе байқауына 11-қазанға дейін 120 жұмыс жиналды, антиплагиат тексеру нәтижесінде 107 эссе комиссия құрамына іріктеуге қазан айының 12 жұлдызында ұсынылды.
Комиссия құрамында:
Т. Абдрасилов – доктор PhD, доцент, Ғылыми зерттеу орталығының басшысы, комиссия төрағасы;
Ж. Акимов – доктор PhD, факультет деканы, төраға орынбасары;
комиссия мүшелері:
Н. Батырова – профессор, «Қонақжайлылық» кафедрасының оқытушысы;
С. Нахипбекова – доктор PhD, «Туризм» кафедрасының аға оқытушысы;
Б. Ахметов – «Спорт» кафедрасының аға оқытушысы;
Р. Абдрахманов – Техн.ғ.к., «Жалпы білім беру» кафедрасының магистр-оқытушысы,
А. Боханова – доктор PhD , «Тілдер» кафедрасының оқытушысы, комиссия хатшысы.
Комиссия құрамы байқау нәтижелерін сараптап, үздік эсселерді іріктеп алды:
Жақсы жазылған жұмыс үшін ынталандыру сыйлықтары:
1.Сатыбалды Сабина Нурболатқызы ХІТ 22-03
2.Жарылқасын Арайлым Кенжеханқызы ТҚИҰ 22-04
3.Нұрай Сенбек ТҚИҰ 22-05
Байқау нәтижесінде І-орын алған эссе авторы Алихан Абдыкеровтың жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің эссе байқауына жолданатын болады.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!