Құрметті студенттер, Халықаралық туризм және меймандостық университеті 25 қазан
Республика күніне орай «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» эссе байқауын өткізеді.
Байқау мақсаты – жастардың азаматтық сана-сезімін дамыту, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін ояту. Байқау нәтижесінде үздік танылған эсселер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің байқауына жолданады.
Байқау жұмысын t.abdrasilov@iuth.edu.kz электронды поштасына 10-қазанға дейін жіберу керек.