Студенттер арасындағы спартакиаданың ашылу салтанаты

«Спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ, БІРТҰТАС ҰЛТ, БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауын қолдау мақсатында 01.10.2022ж. университетіміздің студенттері арасындағы спартакиаданың ашылу салтанаты болып өтті.

 «Дені саудың жаны сау» демекші салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған іс-шараға қолдау білдіріп, университет ректоры Сакенов Айдос Мерекеұлы келіп, сөз алып, шараның маңыздылығы мен қажеттілігін айта отырып, спорт шарасын ашып берді.

Спортакиаданы спорттың 17 түрі бойынша 14 команда арасында 2022 жылдың қазан айының 01-жұлдызы мен қараша айының 26-жұлдыздары аралығында әр сенбі күні өткізу жоспарланып отыр.