Біздің студент Азияның ең мықты спортшысы атанды

ФКС 21-01 тобының студенті Алена Гладкова 52 кг салмақ дәрежесінде  пауэрлифтинг жаттығуынан І орын алып, барлық юниорлар арасында Азияның абсолют чемпионы атанды.

Зілтемір көтеруден Чемпионат 3-11 қыркүйек аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтті. Жарыс екі номинация бойынша болды: классикалық пресс және жабдықтағы пресс.

Жаттықтырушы Таджиев Тураптың айтуынша, университет спортшысы барлық көрсеткіштер бойынша өте жақсы өнер көрсетті. “Аленада бәрі алда екеніне сенімдімін, ол еңбекқор спортшы, оның жетістіктері өте көп”, – деді спорт маманы.

Сонымен қатар Алена, қырықтан астам елдің үздік спортшылары қатысқан Әлем Чемпионатында алтын жеңіп алып, үздік екенін дәлелдеген болатын.

Жарайсың, Алена!

Алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілейміз!