Ең маңызды кезең басталды

Басқарма төрағасы-Ректор Сәкенов Айдос Мерекеұлы Профессорлық-оқытушы құраммен кездесу өткізіп, нарық конъюнктурасына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары мен университеттің даму бағытын талқылады.

Сондай-ақ, ұжымға команданың жаңа мүшелерін таныстырып, жасалатын өзгерістер туралы ақылдасты.

«Жаңа оқу жылында IUTH алдында ауқымды міндеттер тұр.

Әрине, біздің университетте осы жоспарларды тиімді әрі жедел жүзеге асыратын әлеует қай жағынан болмасын жеткілікті.

Бірақ, мемлекеттің одан әрі дамуына әсер ететін жаңа кадрлар сапасы – көп жағдайда профессорлық-оқытушы құрамның біліктілігіне байланысты екенін жеке атап көрсеткім келеді.

Сондықтан оқытушы – университеттегі ғылыми-білім беру процесінің негізгі тұлғасы.», – деп сөзін қорытындылаған Ректор әріптестерінің қызметке деген адалдығы үшін алғысын білдірді.