Соңғы жылдары көптеген жаңашылдық пайда болғалы, қазыналы қарттарға оған ілесу қиындық тудыруда. Компьютерлер, смартфондар, планшеттер сынды заманауи құрылғыларды меңгеру зейнеткерлерге оңай соқпайды. Әсіресе, көпшілігі үшін осы құрылғыларды пайдалана отырып «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу орындалмас, қиын іс секілді көрінетін. Бірақ көбі заман ағымына ілесе отырып, жаңа салалар мен мамандықтарды игеруге тырысуда. Кейбіреулер жұмыстан қысқартылғанда немесе зейнеткерлікке шыққанда өзін жоғалтып, жалғыз қалғандай сезінуі мүмкін, сондай-ақ қаржылық жағынан да қиындықтар туындауы мүмкін. Жұмыс жасау арқылы қосымша тек қана қаражат табу емес, сонымен қатар қоғамдағы адамдармен араласуға мүмкіндік береді. Зейнеткерлікке шығу еңбек өмірінің аяқталуы деп санауға болмайды. Бүгінгі таңда зейнеткерлер белсенді әлеуметтік топ болып табылады және оларға Egov.kz мобильді қосымшасын оқуға және игеруге мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.
2022 жылғы 05 және 12 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Кадрларды дамыту басқармасы (кадр), Фронт-офис үйлестіру басқармасы (ХҚО) «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ жанындағы құзырет және мансап орталығымен бірлесіп, Түркістан қаласы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қолдауымен 2 топ зейнеткерлерге екі оқыту семинары ұйымдастырылып, өткізілді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері зейнеткерлерге «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері жайлы айтылып және мобильді азаматтар базасына тіркелуге көмектесті, «Egov» мобильді қызметі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын көрсетті және т.б. Egov.kz Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Түркістан қаласының 14 зейнеткер тұрғыны 2022 жылдың 05 тамызында оқытылды. Ал, 2022 жылдың 12 тамызында 15 зейнеткер оқытылды. Семинарлар аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Пайзуллаев Ержан зейнеткерлерге Халықаралық туризм және меймандостық университетіне түсу үшін кәсіптік бағдар беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта Egov.kz электронды үкімет порталымен жұмыс істеуге арналған оқыту бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. Мұндай әртүрлі оқыту форматтары әртүрлі деңгейдегі қызығушылықтары мен қабілеттері бар әртүрлі адамдарға арналған бағдарламаға қосылуға мүмкіндік береді. Оқыту форматтарының бұл әртүрлілігі бағдарламаға қызығушылықтары мен мүмкіндіктері әртүрлі деңгейдегі адамдарға қосылуға мүмкіндік береді.